Сот бірлескен меншіктегі ерлі-зайыптылардың үлесін анықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық  аудандық сотында  «К» талапкердің «К.Е.» жауапкерге бірлескен меншіктің үлесін анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер  «К» «К.Е.» жауапкерге бірлескен меншіктің үлесін анықтау туралы  талап арызымен сотқа жүгінді. Азаматтық істің материалдарына сәйкес,  2000 жылдан бастап тараптар заңды некеде болған.  Неке кезеңінде ерлі-зайыптылар  жер теліміі бар тұрғын үй сатып алған, аталған үй жауапкердің атына тіркелген. Казіргі уақытта талапкер неке бұзу туралы арыз берді, бірақ ерлі-зайыптылардың неке кезіндегі бірлескен меншіктегі үлесін анықтау мүмкін емес және соттан ерлі-зайыптылардың тұрғын үйдегі үлесін анықтауын сұрайды.          

Сот  талапкерге  бірлескен меншіктің ½ үлесін анықтап, талапкердің талап арызын қанағаттандыруға шешім шығарды.     

Сот шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі