Сот бекітілген келісім бойынша қарызды өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Кселл» АҚ жауапкер Г.Е.-дан қарызды өндіру туралы талап арыз қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 18.02.2016 жылы «Кселл» АҚ және Г.Е. арасында 720 күнтізбелік күн мерзімге 30 500 теңге мөлшерінде алдын-ала төлем жасалып «Контракный телефон» акциясына қатысу туралы келісім болған. Келісім бойынша оператор абоненке абонентік құрылғысын «IPHONE 6S» сатады және абоненке уақытылы төлем қызметін береді, ал абонент абоненттік құрылғыны сатып алып, пайдаланып және Келісім бойынша ақшасын төлейді.

Іс құжаттарынан, жауапкер өзіне алған міндеттерді тиісті түрде орындамаған, осыған байланысты оның қарызы 356 500 теңгені құраған.

Қарыздың бар болуы, талапкердің ұсынған құжаттарымен, онымен қатар «Контрактный телефон» акциясына қатысу келісімі, қарыз туралы анықтама және басқа да құджаттармен дәлелденеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізу кодексінің 145 бабының 1 бөлігінің, 2 тармақшасына сәйкес, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша.

ҚР АК 272, 273 бабтарының талаптарына сәйкес,  мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс. Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.

Жауапкердің өзіне алған міндеттерді орындамайына байланысты, сот «Кселл» АҚ-ның 3569 500 теңге көлеміндегі қарызды өндіру туралы талап арызын қанағаттандыру қажет деп санайды.

ҚР АІІК-нің 109 бабының 1 бөлігіне орай, 10 695 теңге мемлекеттік баж, сонымен қатар, сотқа жүгінуіне байланысты 35 650 теңге көлемінде шығыны да, жауапкерден талапкер пайдасына өндіруге жатады.

Сот талап арызды қанағаттандыруды шешті.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі