Шешім заңды күшіне енді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Микрокредитная организация «Kaz Credit Line» ЖШС-нің жауапкер Б.-дан  қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 16 сәуір 2015 жылы «Микрокредитная организация «Kaz Credit Line» ЖШС мен Б. арасында шағын кредит беру туралы шарт жасалған, шарт талабы бойынша жауапкерге 720 күн мерзімге, жылдық 42% сыйақымен 300 000 теңге шағын кредит берілген.

Талапкер өз тарапынан жауапкер алдында қойған міндеттерін толықтай орындап, шағын кредит беру туралы Шартына сәйкес ақшаны берген.

Жауапкер Шарт бойынша өз міндеттемелерін көрсетілген мерзімде орындамай, төлемнің мерзімін өткізіп алып және қазіргі кезге дейін Шартта келісілген төлем түспеген.

Қарыздың бар болуы, талапкердің үсынған Шартымен, берешек есебі және істегі басқа құжаттармен дәлелденеді.

Сот талап арызды қанағаттандыруды шешті.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі