Шағым ішінара қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының  №2 аудандық сотымен   Алматы қаласы Әділет Департаментінің Алмалы аймақтық бөлімнің  мемлекеттік сот орындаушысы Ә.-нің іс әрекеттеріне берген Т.-ның шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

Соттың шешімімен шағым ішінара қанағаттандырылды.Мемлекеттік сот орындаушы Ә.-нің 2017 жылдың 2 мамыр күнгі алиментті төлем қарызын қайта есептеу және 2017 жылдың 22 мамыр күнгі борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша тыйым салу туралы қаулыларын шығару іс әрекеттері заңсыз деп танылды.  Шағым  берушінің арызындағы осы қаулылардың күшін жою талабы   Қазақстан Республикасының  «Сот орындаушылардың атқару өндірісі және статусы туралы» Заңның 10 бабының 4 тармағының талаптарына сәйкес қанағаттандырылмады. Берген шағымның қанағаттандырудың негізі  мемлекеттік сот орындаушы Ә.-нің  атқару өндірісі жақтарының жазбаша түрде жүгінүді алмағаны және  қайта есептеуді дұрыс жасамауы болып табылады, өйткені бұл заңға қайшы.

Сонымен қатар,  мемлекеттік сот орындаушы Ә.-нің  2017 жылдың 22 мамыр күнгі борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша тыйым салу туралы қаулысын шығару іс әрекеттері заңсыз деп танудың негізі- оның шағымданғаң қаулысын шығарған уақытында Алматы қаласының Әділет Департаментінде қызмет атқармаған,  басқа мемлекеттік сот орындаушы Б.-ның атынан шығарғаны болып табылады.  

Шешім заңды күшіне енбеді.

Қайнар: 
Алматы қаласының Алмалы ауданы №2 соты