Радиоактивті заттарды заңсыз өткізу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетусі ауданының №2 аудандық сотында Б.Б., М.М., Н.С. және  Х.Д. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 283 бабы 2 бөлігімен айыптау бойынша (радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды заңсыз өткiзу, сол сияқты радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды өткiзу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2016 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласы бойынша ҰҚК Департаментінің қызметкерлерімен бақылап сатуп алу шараларын өткізу кезінде бір контейнер құрамында радиоактивті заттар «плутоний-239», «плутоний-241» и «америций-241» бар НСЭ-400   статистикалық электр қуатының өнеркәсіптік бейтараптандырғышын  130 000 АҚШ долларына өткізген күдіктілер Б.Б., М.М., Н.С. және  Х.Д. ұсталған.

Басты сот талқылауында сотталушылар Б.Б., М.М. және Н.С. тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады, ал сотталушы Х.Д. кінәсін мойындаған жоқ.

Сот үкімімен Б.Б., М.М., Н.С. және  Х.Д. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 283 бабы 2 бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оларға осы бап бойыша Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4 бабының 2-бөлігінің негізінде түпкілікті сотталған Б.Б., М.М. және Н.С. 1 жыл 3 ай 28 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, сотталған Х.Д. 1 жыл 8 ай 13 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу мекемесінің жалпы режимінде өтеу белгіленген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты