Психотроптық заттар тектесті өткізу мақсатында заңсыз иемденгені, сақтағаны, тасымалдағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмысты жасаған Г.-ге қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды (есіртке заттарының заңсыз айналымы).

Сотталушы Г. 2017 жылы 13 қаңтарда өткізу мақсатында заңсыз психотроптық заттар тектес меткатинонды (эфедронды) «Легалайзер.ком»интернет-сайты арқылы киви-әмиянмен 50 000 теңге ақшаны номерге жолдап, 2017 жылы 14 қаңтарда тергеумен анықталмаған тұлғамен қалдырылған, жалпы салмағы 9,38 грамм болатын аса ірі көлемдегі эфедронды заңсыз алып, тұра сол күні киви-кошелек арқылы сатып алушыларға өткізу мақсатында 10 түйіншекке бөліп, Алматы қаласында әртүрлі 10 жерге тасымалдап жасырған.

Алайда, ол Алматы қаласының ҰҚКБ қызметкерлерімен байқалып, полиция қызметкерлерімен ұсталып, оның берген айғақтары бойынша одан жоғарыда айтылған заттары бар 10 түйіршек табылып алынған.

Сотта сотталушы Г. өзіне тағылған айыпты ішінара мойындаған.

Сот үкімімен Г.-ге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мүлкі тәркілене отырып сотталды.  Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты