Процессуалдық келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 174 бабының 1 бөлігімен (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) сотқа берілген «К» азаматқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы 2006 және 2015 жылдар аралығындағы «Три основы» аударылған кітабы бойынша лекциялармен «R» бағдарлама арқылы аудиоконференцияларды өткізді. Сот дінтану сараптаманың қорытындысына сәйкес, «lovamus.com», «music.zakon.kz», «vk.com» сайттардың папкаларда орналасқан «Три основы и их доказательства», «Три основы (қысқартылған түрі)» аудиолекцияларда діни экстремизмның көпшілік насихаттаудың нышандары бар. Сот дінтану сараптаманың қорытындысына сәйкес, «lovamus.com», «music.zakon.kz», «vk.com» сайттарлардың папкаларда орналасқан «Три основы и их доказательства», «Три основы (қысқартылған түрі)» аудиолекцияларда діни алауыздықтың, азаматтардың діни сезімдерді қорлаудың, діни ерекшеліктің нышандары табылды.

Қылмыстық іс бойынша Алматы қаласы прокурордың орынбасары мен «К» сотталушының адвокаттының қатысуымен шарт түрінде процессуалдық келісімге қол қойылды. Келісім бойынша сотталушы кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен, «К» сотталушы айыпты деп танылып, 4 жыл 9 айға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты