Пайдақорлық ниетпен, сенімге қиянат жасау арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2 тармағымен  (алаяқтық) айыпталушы С. -ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

С. 2015 жылдың тамыз айының басында өзінің бұрын университетте бірге оқыған танысы Ж. кездестірді. Ж.-мен әңгіме барысында, оған анасының денсаулығы ауыр жағдайда және ол кәсіби медициналық көмек қажет ететіні туралы белгілі болды. Сол сәтте, оның аса ірі мөлшерде алаяқтық  жасауға бағытталған қылмыстық ниеті пайда болып, Ж.-ның анасына кәсіби медициналық көмек көрсету туралы жалған ақпарат беріп, өзінің танысы арқылы АҚ "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" медицина мекемесінде  жүрек клапаны ауыстыру операциясын  кезектен тыс өткізуге көмектесемін деп, бірақ бұл мәселеде мұндай мүмкіндігі және жәрдем көрсететін  ниеті болмады, бұл ретте Ж. – да осы мақсатқа 20 000 АҚШ доллары бар екендігі туралы біліп, осы соманы оған беруді талап етті. Ж. оның шынайы пайдакүнемдік ниетін білмей, 23 тамыз 2015 жылы сағат 19-00 шамасында Алматы қаласы , Ақсай- 4 ықшам ауданында , 91 үйдің жанында оған жалпы сомасы 20 000 АҚШ долларды беріп, 23.08. 2015 ж. ҚР Ұлттық банкінің курсы бойынша 1-АҚШ доллар -  252,47 теңге, кейін сенімге қиянат жасау арқылы Ж. арқылы ақша қаражатын алып кетіп, ұрланған қаражатын жеке мақсатында қолданып,  жәбірленушіге Ж.- ға аса ірі мөлшерде 5 049 400 теңге материалдық залал келтірген.

Сот үкімімен С. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2 тармағында көрсетілген қылмысты жасауда мен кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, 5  жыл бас бостандығынан айыру жазасын орта қауіпсіздік қылмыстық-атқару қызмет мекемесіне өтеуге тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Әуезов аудандық соты