Наурызбай аудандық сотында қылмыстық заңнама бойынша семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы судьялардың шеберханасының хаттамалық шешіміне сәйкес «Қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының өзгеруі және оларды қолдану тәртібі»тақырыбында семинар өткізілді.

Бұл іс-шарағына Алматы қалалық сотының судьясы Ержан Абдрақумұлы Кененбаев, Наурызбай аудандық сотының төрағасы және судьялары, прокуратура мен Наурызбай аудынының  ішкі істер басқармасының қызметкелері қатысты.

Кездесудің модераторы аудандық сот судьясы Болатұлы Жанабіл Ақынов болда, ол қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының қолданыстағы нормаларына елеулі өзгерістер енгізуге қатысты негізгі мәселелерді қозғайтын баяндама жасады.

Семинардың қатысушылары бірөбіріне сұрақтар қойып, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Қорытындылай келе, қатысушылар тақырыптың өзектілігін, бірыңғай сот практикасын дамыту мақсатында мұндай талқылаулырдың қажеттілігін тағы да атап өтті.

Источник: 
Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты