Монша кешеніндегі балалар лагері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында М-ға. (ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы айыпталған) және Н.-ға (ҚР ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған) қатысты қылмыстық іс қаралды.
  
Сотпен анықталғаны
М. Алматы қаласы білім басқармасының мемлекеттік сатып алулар жөніндегі бас маманы бола тұра, Н.-дан пара алу мақсатында, оның «Б» ЖШС және «А» ЖШС компанияларын, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру жөніндегі қызметтердің мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы деп таныған. 

2023 жылдың жазында Н., «Ж» МК-ның 50 баласын өзінің жеке мектебіне орналастырған. Сол күні, ол балалар лагерін ұйымдастыру көрінісімен «Д» фитнес-орталығы бар монша кешеніне 300 баланы орналастырған.

Балалардың ата-аналары және «Ж» МК-нің қызметкерлері жеке мектеп пен фитнес-сауықтыру кешені бар монша кешенінің балалардың демалыс орнына айналғанын біліп, балаларын үйлеріне алып кеткен.
М.-ның және Н.-ның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде балалардың және ерекше күтімді қажет ететін балалардың жазғы демалысы бұзылып, балалар қолайсыз жағдайда, бейтаныс адамдардың арасында болған.

Тараптардың ұстанымы
Сотталушы М., кінәсін мойындамай, соттан оны ақтауды сұрады.

Сотталушы Н., өз кінәсін толық мойындап, соттан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Прокурор сотталушы М.-ға 7 жыл, сотталушы Н.-ға 5 жыл бас бостандығынан айыру жаза тағайындауды сұрады.

Сот шешімі
Сот үкімімен М., өзінің қызмет бабын пайдаланып, аса ірі мөлшерде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына және мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу жазасы тағайындалды.

Н., аса ірі мөлшерде алдау және сенімге қиянат жасау арқылы алаяқтық әрекетін жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Сотталушылардың кінәсі іс бойынша жинақталған дәлелдемелермен, сотталушы Н.-ның кінәлі әрекеттерді жасағанын мойындауымен, куәлардың айғақтарымен, мамандардың қорытындыларымен және жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен дәлелденді.

Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар: М. мен Н.-ның бірінші соттылығы, сотталушы К.-ның асырауында кәмелетке толмаған екі кішкентай балаларының болуы, Н.-ның жасаған қылмысына шын жүректен өкінуі, кінәсін мойындауы. 
Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.