Мiндеттеме шарттары тиiсiнше орындалуға тиiс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Кселл» АҚ жауапкер С.-дан қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс  қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 23 қаңтарда 2015 жылы «Кселл» АҚ және А. арасында «Контракный телефон» акциясына қатысу туралы келісім болған. Келісім бойынша оператор абонентке абоненттік құрылғысын «IPHONE 5S» сатады және абонентке уақытылы төлем қызметін береді, ал абонент абоненттік құрылғыны сатып алып, пайдаланып және Келісім бойынша ақшасын төлейді.

Іс құжаттарынан, жауапкер өзіне алған міндеттерді тиісті түрде орындамаған, осыған байланысты оның қарызы 243 786 теңгені құраған.

\ҚР АК 272, 273 бабтарының талаптарына сәйкес,  мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс. Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.

\Сот талап арызды қанағаттандыруды шешті.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты