Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің жауапкер Б.-дан дебиторлық қарызды өндіру туралы талап арызы бойынща азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 13 қыркүйекте 2007 жылы қоғамдық  келісім шартымен жылумен жабдықтау қолданысқа еңгізілген, осыған  сәйкес «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-гі көп пәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің жылумен қамтамасыз етеді. Жауапкер Б. жылу жабдықтарының және ыстық су жабдықтарының тұтынушысы бола тұра, көрсеткен қызметтері үшін ұсынған шот бойынша төлем жасамалған. Жалпы дебиторлық қарыз сомасы 205 577 теңгені құраған.

ҚР АК 189 бабының 1 бөлігіне сәйкес, меншiк иесi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi және бiржақты тәртiппен мұндай ауыртпалықты үшiншi жаққа ауыстыра алмайды. 

Сот шешімімен   «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің талабы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты