Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз есірткі заттарын алып өткені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында  А. - ға қатысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабының 1-бөлігімен, 296 бабының 2 бөлігі (контрабанда айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген және заңсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, оларға ұқсас, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, А., Душанбе қаласында (Тәжікстан), бұрын өзіне таныс емес бейтаныс такси жүргізушісінен есірткі заты "гашиш"сатып алған.

Бұдан әрі, А. ойын жалғастыра отырып, өзінің қылмыстық ниеті мен қоғамға қауіптілігін сезініп, ол әуежай мен шекаралық, кедендік және ұшу алдындағы бақылау бекеттерінен өтеді. Сол күні Алматы Халықаралық әуежайында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бақылау-өткізу пунктінен, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өзімен бірге алдыңғы қалтасына есірткі заты "гашиш"сақтап өтіп, кедендік бақылауға қарай беттейді.

Өкілетті органның «Перевозчик» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында халықаралық ұшу залында кедендік бақылаудың активті түрдегі анықтап белгілеуімен А. тоқтатылып, тексеру барысында оның үстіндегі киімінің алдыңғы қалтасында күңгірт-жасыл түсті ерекше иісі бар зат табылады.

Жоғарыдағы мән-жайлар негізінде, А. Қазақстан Республикасының мемлекенттік шекарасынан салмағы 4,35 грам есірткі заты "гашишты" алып өтіп Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабының 1-бөлігімен 296 бабының 2 бөлігінедегі (контрабанда айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген және заңсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, оларға ұқсас, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз) заңсыз қылмысты жасаған.

Сот отырысында сотталушы А. өз кінәсін мойындады және өкінетінін айтты. Сот үкімімен А. кінәлі деп танылып, қаралған қылмысты жасағаны үшін ҚР ҚК-нің  286-бабының 1 бөлігімен және 296-бабының 2 бөлігі бойынша айыппұл түрінде мүлкін тәркілеусіз жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты