Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «№1 балалар музыкалық мектебі» КММ-нің жауапкер «ДГ» ЖК-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, тұрақсыздық сомасын және мемлекеттік баж салығын өндірутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды, №998844 шешімі бойынша «ДГ» ЖК-і 10.02.2017 жылы жеңімпаз болып танылды. 13 ақпанда 2017 жылы жауапкермен жалпы сомасы 255 000 теңгеге келісім шарт жасалған. Келісімнің шарттарына сәйкес, тауарды жеткізіп беру мерзімі – 15 күнтізбелік күн келісімді жасаған сәйттен. Бірақ, жеткізіп берушімен тауар жеткізіліп берілмеген және міндеттер орындалмаған.

ҚР азаматтық заңнамасы келісім шартты жасаған сәттен тараптар үшін келісімнің міндетті екенін анықтады, сонымен бірге, заң  талапатары мен шарт міндеттеріне сәйкес  міндеттер тиісті түрде орындалуы туралы ескерілген (ҚР АК-нің 272-бабы).

Сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыАлматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты