Мемлекеттік білім-беру несиесі бойынша қарыз соманы өндіру туралы талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «Қаржы орталығы» АҚ-ның Т.-ға Мемлекеттік білім-беру несиесі бойынша қарыз соманы өндіру  туралы азаматтық іс қаралды.

2001 жылдың 1 қыркүйегінде  Т., Қ. Сәтпаев атындағы  Қазақ ұлттық техникалық университеттің және «Қаржы орталығы» АҚ-ның арасында  үш жақты келісім шарт жасалында. Шарт бойынша қарыз алушының оқуына төлем ретінде жоғарғы оқу орнының есебіне қаражат аударылды.

Қаржы орталығы келісім бойынша өзінің міндеттемелерін орындау барысында жоғарғы оқу орнының ағымдағы шотына қарыз алушы Т. – ның оқуына байланысты шығындарын өтеу үшін 332 127 теңге қаражат аударылды.

2007 жылдың 14 шілдеде бұйрық бойынша Т. жоғары оқу орнын бітірген болып саналғанына байланысты, жоғарғы оқу орны мен қаржы орталығы өзінің міндеттемелерін толық көлемде орындады.

Келісім шарт бойынша қарыз алушы жоғары оқу орнын бітірген сәттен бастап алты айдан кейін қарыз соманы берешекті өтеу кестесіне сәйкес төлей бастауға міндеттеліп, 01.01.2007 жыл және 01.09.2016 жыл аралықта өз қарызын толық көлемде өтеуге міндетті болған.

Алайда жауапкер келісім шарт талаптарын орындамаған.

Соттың шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты