Медиатордың көмегімен сот отырысы барысында туысқандар татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында енесін қасақана жеңіл зиян келтірді деп жауапкершілікке тарту туралы келінінің шағымы бойынша жеке айыптау қылмыстық ісі қаралды.

Келін мен ене арасында жеке киімдері мен заттары үшін болған тұрмыстық ұрыстың нәтижесінде енесі күш қолданып ұрғандығы арызданушының шағымында көрсетілген.

Сотталушы Е. сотта қол көтергенін мойындап, ал жәбірленуші К. сотталушымен медиация жолымен татуласуына байланысты істі қысқартуды сұрады.  

Сот қаулысымен сотталушыға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68 бабының 1 бөлігінің талаптарын қолданып, оның жәбірленушімен медиациялық келісімге келіп татуласуына байланысты, ол Қазақстан Республикасы ҚҚ-нің 108 бабы бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылған. 

Қаулы  заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты