Медиативтік келісімге қол жеткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Т.  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345 бабының 1 бөлігімен айыптау бойынша (автомобильді басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан бұзу іс-әрекеттерін жасаған) қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2017 жылдың қаңтар айында сотталушы Т. «Ниссан» маркалы автокөлігін Алматы қаласы, Кудерин көшесімен солтүстік бағытта басқарып келе жатып, Кудерин көшесінің бойында батыс бағытына қарай жаяу жүргінші белгісімен өтіп бара жатқан жаяу жүргінші Б. қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде, жаяу жүргінші Б. ауырлығы «орташа» дене жарақаттарын алған.

Басты сот талқылауында сотталушы Т. тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады. Сонымен қатар, сот мәжілісінде сотқа тараптардың медиация нәтижесінде өздері қол жеткізген жазбаша келісімі, яғни дауды реттеу туралы келісім келіп түсті.

Соттың қаулысымен Т. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345 бабының 1 бөлігімен айыптау туралы қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68 бабының 1-бөлігінің негізінде, яғни сотталушының жәбірленушімен медиациялық тәртіпте татуласуына және сотталушының келтірілген зиянды өтеуіне байланысты,, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатумен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі