Медиативтік келісім көзделген тәртіппен және мерзімінде ерікті түрде орындалуы тиіс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер К.-нің жауапкер С.-қа  қатысты қарыз соманы өндіру және моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан;  талапкер: К. жауапкер:  С. арасында келісілген   дауды медиативтік жолмен шешу туралы келісімді сотқа ұсынды. Келісім бойынша талапкер жауапкерге  берген талап арызынан толығымен бас тартады, ал жауапкер 30.12.2017 жылға дейін талапкерге 1 586 600 теңге соманы төлеуге міндеттеледі.

Дауды медиативтік жломен шешу туралы  келісім тараптар арасында  жазбаша түрде жазылып қол қойылған.

Қазақстан Республикасының АПК 180 бабына сүйене отырып,  заңға қайшы келмейтінін, тараптардың құқытарын бұзылмағандығын ескере отырып  сот дауды  медиативтік жолмен шушуге болатынын мәлімдейді.

Сот ұйғарымы  заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі