Медиативтік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер «С» жауапкер «Парасат Газ» ЖШС - ке қатысты жасалған жұмыс бойынша  ақша сомасын өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында, тараптардан істі медиация тәртібімен  келесі шарттарда реттеу туралы өтініш түсті, соттан азаматтық істі тоқтату туралы өтініш білдірілді.

Тараптар арасында дауды медиация тәртібімен  реттеу туралы  келісім келесі шарттарда  жасалды: жауапкер  талапкерге 625 000 теңге мөлшерінде қарыз сомасын өттеуді мойынына алады. Талапкер жасалған жұмыс бойынша  ақша сомасын өтеу туралы талап арызын қайтарып алады.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім, тараптар арасында  түзілген шарттар негізінде бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Бостандық аудандық соты