Медиация тәртібімен сотталушы мен жәбірленуші татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласында алаяқтық жасағаны үшін тараптар өзара келісімге келулеріне және келтірілген залалды өтеуіне байланысты Б.С.- қа қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін Б.- ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 26 шілде 2017 жылы сағат 22:00 шамасында Б. бейіттегі тұрақта болып, отырғызылатын туи ағаштарын  көреді. Сол уақытта Б. –да  ұрлауға бағытталған  қылмыстық ниет пайда болды. Өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру кезінде, Б.  жан жағына қарап, оның әрекеттіне ешкімнің  бақылап жатпағанын көріп, жасырын түрде «Алматы қаласының салттық қызметтердің арнайы комбинаты» ЖШС-не тиесілі 11 дана туй ағаштарын жымқырып,  автокөлігіне салып алып, қылмыс жасаған жерден бой тасалап кетеді. Сөйтіп, өзінің қылмыстық әрекеттерімен Б.  ЖШС –не жалпы 195 000 теңге сомасында  материалдық залал келтірді.

Сот отырысы барысында Б. өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен сотталушы мен жәбірленушінің өзара татуласуына және келтірілген залалды өтеуіне байланысты медиация тәртібімен Қазақстан Республикасының  ҚК-нің  68 бабының 1 бөлігіне сәйкес Б. қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 190 бабының 1 бөлігімен айыпталған Б.-ға қатысты қылмыстық іс өндіріспен қысқартылды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Районный суд №2 Медеуского района г. Алматы