Медиация – татуласудың тәсілі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бсотандық аудандық сотында талапкер «А» жауапкер «О»-ға қатысты моральдік залалды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің тараптарымен, яғни талапкер мен жауапкер өзара Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы С.О.Каракузиеваның қатысуымен дауды медиация тәртібімен  реттеу туралы келісімге келесі шарттарда қол жеткізді: жауапкер «О» талапкер «А» моральдік залалды өтеу мақсатында 110 000  тенге сомасын тамыз айының 29 күніне дейін төлейді, талапкер өз ретімен сотқа берген талап арызынан толықтай бас тартады.

Тараптарды тыңдаған соң сот талапкер мен жауапкердің өзара жасасқан медиативтік  келісімді жоғарыда көрсетілген шарттарда бекіту туралы ұйғарым шығарды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Бостандық аудандық соты