Медеу аудандық сотында медиация институтын дамыту туралы мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында сотқа келушілермен аудандық соттың судьялары және «Медиация дамыту орталығы» РҚБ-ның медиаторы  А.Увалиеваның қатысуларымен «Медиация институтын дамыту бойынша халық арасында ашық есік күні» өткізілді.

Сотқа келушілерге кеңес беру кезінде медиация дауларды шешудің ең тиімді жолы екендігі түсіндірілді және тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатынды, бейтарап тұлға медиатордың көмегімен, келіссөздер арқылы дауларды реттеу рәсімі. Медиация рәсімі азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай –ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қаралатын дауларда жүргізіледі. Медиацияның мақсаттары - дауларды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың даулаушылық деңгейін төмендету. Медиация тараптардың  медиатордың  жәрдемдесуімен дауды сотқа  дейін, соттан тыс, сот,  алдын ала  тергеу және анықтау жұмыстары жүргізілу барысында қолданылады.

Таныстыру кезінде сотқа келушілерге медиация жүргізудің тәртібі, медиатордың қызметіне ақы төлеу сияқты өздерін қызықтыратын сұрақтар қойылды және оларға түпкілікті жауап қайтарылды.

Ашық есік күні аяқталған кезде, сотқа келушілер көптеген қызық әрі жаңа ақпараттар алған танымдық іс шарасын өткізілгеніне өз алғыстарын айтты.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық соты