Әлеуметтік төлемнің заңсыз алынған сомасын өндіру туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ жауапкер С.А.-тан жұмыссыз қалған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемін заңсыз алынған сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс құжаттарынан, жауапкерге 01.11.2013 жылы 24.10.2013 жылдан 23.02.2014 жыл аралығына яғни 4 айға 206 432 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған, және ай сайын 5 161 теңге көлемінде міндетті зейнетақы төлемі қосылған. 12.12.2013 жылы жұмыссыздар тіркелу есебінен алынып тастауына қарамастан, жауапкер қордың қаражатынан әлеуметтік қамтамасыз ету төлемін алып отырған. Осылайша, жауапкердің 01.01.2014 жыл мен 23.02.2014 жылдар аралығында 80 908 теңге көлемінде әлеуметтік төлемін заң бұзу арқылы алған.

Сот  шешімімен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ талап арызын қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі