Әлеуметтік дамудың өзекті мәселелері және оларды медиация мүмкіндіктерін пайдалана отырып шешу тәсілдері туралы дөнгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотында «Әлеуметтік дамудың өзекті мәселелері және оларды медиация мүмкіндіктерін пайдалана отырып шешу тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың судьялары және мамандары қатысты.

Кіріспе сөзбен сот төрағасының м.а. Б.Тұрлыбеков сөз сөйледі. «Медиация институтын әлеуметтік мәселелелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін қолдану бойынша республикалық жобаны іске асыруға үлесімізді қосу керекпіз.Жобаның негізгі мақсаттарының бірі әлеуметтік дамудың өзекті мәселелерін шешу тетігі ретінде қоғамдық медиация институтын алға жылжыту,медиация институтын пайдалана отырып, әлеуметтік мәселелерді,дауларды және келіспеушіліктерді шешу үшін беделі бар және құрметке ие қоғам көшбасшылары қатарынан медиаторларды қалыптастыру болып табылатынын», - ол  атап өтті.

Іс шара соңында, қоғамда медиация институтын қолдануды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты