Қылмыстық топтың басшысы сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 262 бабының 1 бөлігімен, 307 бабының 3 бөлігінің 1 тармағымен (ұйымдасқан топты немесе қылмыстық ұйымды құру, алаяқтық) сотқа берілген «С» -қа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2014-2016 жылдар аралығында сотталушы және ҰҚТ-ның мүшелері Алматы қаласының бүкіл аумағында «онлайн-казино» түрінде ойын мекемелері ұйымдастырылған. ҰҚТ-ның мүшелері «CP-money» есептесу-төлем төлеу жүйесінің бағдарламалық жасақтаманы орындауға қолжетімділікті қамтамасыз ететін компьютерлік бағдарламаларды сатып алған. «CP-money» сайтында 2 ойын-пакеттер табылған - «G-Slot», оның ішінде 12-ден астам ойындар болып табылған (Новоматик, Мегаджектер, Слоттар және т.б.), және G-Live», оның ішінде шамамен 10 ойындар табылды (онлайн рулетка, покер, сүйектер және т.б.).

Сот үкім бойынша ҰҚТ-ның бастығы айыпты деп танылды. Оған мүлкі тәркіленіп 8 жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты