Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексінің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен көзделген қылмысты жасады деп айыпталған С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың 20-шы ақпан күні шамамен 14 сағат 30 минутта азамат  С.-ның Бекмаханов көшесіндегі "Алтай" базары маңында тұрақтағы тоқтап тұрған "Мицубиси Паджеро" маркілі көлігін көріп, заңсыз қол сұғу арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау ниеті пайда болады. Ары қарай, С. -зінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында көрсетілген автокөлікке келеді. Өзінің іс-қимылын ешкімнің аңдып, бақылап тұрмағанына көз жеткізген соң қылмыстық ойын ары қарай жүзеге асырып, жәбірленуші Н.-ге тиесілі құны 20 000 теңге болатын GPS-навигатор " Prology" ұрлап, жәбірленушіге 20 000 теңге зиян келтірген.

Басты сот талқылауында сотпен дайындық бөлігінде сотталушыға оның процессуалдық құқықтарын түсіндіру барысында сотталушы С.-дан қылмыстың нәтижесіндегі дауды медиациялық тәртіпте шешу туралы арызы түсті. Жәбірленуші де өз кезегінде сотқа материалдық залалды сотталушының өтеуіне және татуласуына байланысты істі медиациялық тәртіпте аяқтау жөніндегі өтінішпен жүгінде.

Сот, істі зерделей келе істі сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты медиациялық тәртіпте осы қылмыстық іс қысқартылуға жатады деп шешті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты