Қылмыстық әрекеттерін аяғына дейін жеткізе алмады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында ұялы телефонды ұрлауға оқталғаны үшін Ж.К.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 20 наурызда 2017 жылы сағат 15.30 шамасында Ж. Райымбек пен Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан аялдамаға келіп Талғар ауданының Бесағаш ауылына үйіне кету үшін келеді де, «XIOMI»  маркілі ұялы телефонды күртешенің қалтасына салып жатқан кәмелетке толмаған М.А.-ны байқайды. Сол кезде Ж. ұялы телефонды ұрлауға бағытталған қылмыстық ниет пайда болады да кәмелетке толмаған М.А.-ның әрекеттерін бақылайды.  М.А. бағдар автобусына отыра бастаған кезде Ж. артқы жағынан келіп жасырын түрде 60 000 теңге тұратын «XIOMI» маркілі ұялы телефонын ұрлайды. Ол оқиға болған жерден бой тасалап баратқан кезде, Ж. өзін ұстамақшы болған полиция қызметкерлерін көреді. Сөйтіп оның әрекеттері өзіне тәуелді емес мән жайларға байланысты аяғына дейін жеткізе алмаған.

Сот отырысы барысында Ж. өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен айыпталушы мен жәбірленушінің өзара татуласуына байланысты, ҚР ҚК 68 б. 1 б. сәйкес Ж.К. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, ҚР ҚК нің 24 бабының 3 бөлігі - 188 бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс өндіріспен қысқартылды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық соты