Қылмыстық іс медиациялық тәртіпте аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы Түрксіб аудандық сотында К.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 баптың 1 бөлігімен (ұрлық) заң бұзушылықты жасады деп айыпталған қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы К., қасақана меншікке қарсы қылмысы мынадай мән-жайларда болған: яғни, 02 қаңтарда 2017 жылы өз анасы Н.-ға қонаққа барған. Тұрып жатын бөлмеде анасының төлем карточкасын көріп, сол жерде орналасқан ақшалай қаражатты біліп, оның пин-кодын да білетіндіктен, пайда көрмек ниет пайда болып, төлем карточкасын алып кеткен. Жан-жағын бақылап, анасының көрмей тұрғанына қаныққан соң, ол осы карточканы жасырын ұрлап, ондағы 350 000 теңге ақшалай қаражат сомасын шешіп алған.

Сот отырысында сотталушы К. өз кінәсін толығымен мойындады, өкінетінін айтты.

Өзіне қатысты осы істі негізі бойынша қарамай ақ, жәбірленушімен татуласуына байланысты істі қысқартуды сұрады.

Жәбірленуші  сотқа материалдық залалды сотталушының өтеуіне және сотталушы К.-мен татуласуына байланысты істі медиациялық тәртіпте аяқтау жөніндегі өтінішпен жүгінді.

Сот, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 68 бабының 1 бөлігіне сәйкес сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты медиациялық тәртіпте істі қысқартты.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты