Қылмыстық іс медиациялық келісім бойынша қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Алматы қаласының Алатау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігі   бойынша С.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

   26 шілде 2017 жылы сағат 19:30-бен 27 шілде 2017 жылы сағат 09:00-дар аралығында белгісіз тұлға Алматы қаласы, «Құрылысшы» ықшамауданы, Жаңа – Арка көшесі 7 үй, 221 пәтерге заңсыз кіріп,  үйдің ішінде дәлізде бола тұра,  жәбірленуші Н.-ға тиесілі сары түсті құны 25 000 теңге болатын әйелдер сақинасын байқап, осы бөтеннің затын  жасырын жымқырып кеткен. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында,  оқиға орнынан  табылған саусақ іздері, күдікті С.-қа тиесілі екендігін жүргізілген согт сараптамасы анықтаған.

   Сот қаулысымен С.-қа ҚР ҚК-нің 68 бабының 1 бөлігіне сәйкес, ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігімен С. қатысты қылмыстық іс  сотталушы жәбірленушімен татуласуы бойынша медиациялық тәртіпте өндірістен қысқартылып,  сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

   Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Алатау аудандық соты