Қылмыстық іс медиация тәртібінде тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 188 бабының 1 бөлігімен  (ұрлық) сотқа берілген «Д» азаматқа  қатысты  қылмыстық іс қаралды.

 «Д» сотталушы 27 қыркүйек 2016 жылы шамамен 13.40 уақытта Алматы қаласы Брусиловский көшесінде орналасқан №159 үйдің кіреберісте болып, 9 дана өрт құбыршектерді жасырын жымқырды. «Д» сотталушы «Facility Management» жәбірленушінің Г. тұлғасына материалдық 96 237 теңгеге тең сомасына зиян келтірді.

«Д» сотталушы сот отырысында қылмысын мойындап, өзінің теріс қылықтарына өкінді. «Г»  өкілі сотталушымен татуласып қылмыстық істі медиация тәртібінде тоқтату туралы арыз жазды.

Сот қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен  (ұрлық) сотқа берілген «Д» азаматқа қатысты  қылмыстық іс медиация  тәртібінде қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты