Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188бабы 1 бөлігімен (бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) айыпталған А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталды, азаматша А., 2017 жылғы сәуір айының басында Алматы қаласы Рыскулбеков көшесі бойындағы №66 үйде тазалық жұмыстарын жасап жүріп, пәтер иесіне тиесілі пробасы (сапасы) 750 ақ алтыннан жасалған бағасы 920000 теңге тұратын шынжыр және бағалы асыл тасты  кулонды, пробасы (сапасы) 585 бағасы 80000 теңге тұратын неке жүзігін алып оқиға орнынан бой тасалаған. Осы қылмыстық әрекетімен А., жәбірленуші Д-ға 1 000 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Сотталушы А., өзіне тағылған айыпты толық мойындап, келтірген залалды толығымен өтеп, шын жүректен өкініш білдірді.

Сот қаулысымен Қазақстан РеспубликасыҚылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен айыпталған А-ға қатысты қылмыстық ісі ҚР ҚК-нің 68 бабы 1бөлігімен, жәбірленушінің сотталушымен татуласуы негізінде медияция тәртібінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты