Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында ұрлық жасағаны үшін С. - ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 24и ақпанда 2017 ж. С. 23:00 сағат шамасында ұйықтау үшін ағаш цехындағы жұмыс орнына келеді. Алайда цехқа келген соң ол бөтеннің мүлкін ұрлауға бағытталған қылмыстық ниет пайда болады, өзінің әрекеттерін ешкімнің бақылап тұрмағанына сеніп, өзінің кілтімен сыртқы есікті ашып, екінші есіктің құлпын сындырып заңсыз түрде қызметтік ғимараттың ішіне кіреді. Ағаш цехының ішінде болып С. ішіндегі 820 000 теңге тұратын құрылыс құралдарын далаға шығарып қылмыс жасаған жерден бой тасалап кетеді.   

Сот отырысы барысында С. өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен айыпталушы мен жәбірленушінің өзара татуласуына байланысты, медиация тәртібімен ҚР ҚК 68 б. 1 б. сәйкес С.А. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, ҚР ҚК нің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс өндіріспен қысқартылды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық соты