Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188бабы 2 бөлігі 3 тармағымен (ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен) айыпталға А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталды, азамат А., осы жылдың ақпан айында сағат 19.00 шамасында өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында «Лексус» маркалы автокөлікке заңсыз кіріп, көлік ішінен видео регистраторды жасырын жымқырып оқиға орнынан ғайып болған.

Осы қылмыстық әрекеттің нәтижесінде А., жәбірленуші Р-ға 50 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Сотталушы А., өзіне тағылған айыпты толық мойындап, келтірген материалдық залалды толығымен өтеп, шын жүректен өкініш білдірген.

Сот қаулысымен Қазақстан РеспубликасыҚылмыстық Кодексінің  188 баба 2 бөлігі 3тармағымен айыпталған А-ға қатысты қылмыстық ісі ҚР ҚК-нің 68 бабы 1бөлігімен, жәбірленушінің сотталушымен татуласуы негізінде медияция тәртібінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі