Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 190 бабы 1 бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) айыпталған Ө-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталды, азамат Ө., 11.07.2017 жылы сағат 20.00 шамасында өзінің бөтенннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы жымқыруға бағытталған қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында танысы Д-ның «Айфон-6» маркалы ұялы телефонын ән тыңдаймын деген желеумен алған. Соңынан аталған ұялы телефонмен Алматы қаласы Навои көшесі 208 үйдің кіреберісіне келіп Д-ның үйне кіргенін күткен, сонымен қатар сен үйге кіребер мен сені сыртта тосам деп айтқан, алайда ұялы телефонды алып оқиға орнынан ғайып болып. Соңынан сол күні кешкі уақытта «OLX.KZ» интернет порталында жариялап, 55000 теңге көлемінде сатып, ақшаны өз еркімен жаратқан. Өз қылмыстық әрекетімен жәбірленуші Д-ға 90000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Соталушы Ө., өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, болған іске өкініш білдіріп, келтірген материалдық залады толығымен өтеген.

Сот қаулысымен Қазақстан РеспубликасыҚылмыстық Кодексінің 190 бабы 1 бөлігімен  айыпталған Ө-ге қатысты қылмыстық ісі ҚР ҚК-нің 68 бабы 1 бөлігімен, жәбірленушінің сотталушымен татуласуы негізінде медияция тәртібінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты