«ҚР Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР заңын бұзғаны үшін айыппұлға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 463 бабы 1 бөлігі (тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды жүзеге асыру) бойынша  Х. қатысты әкімшілік істі қарады.   

Алматы қаласы көп қабатты үйдің объектісін тексеру кезінде,анықталғаны, Х. Алматы қ., Медеу ауданы, Крайняя көшесі, 31 үйде құрылыс жұмыстарын жүргізуге ешқандай рұқсат құжаттары болмаған. ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңының 68 бабының 12 бөлігі талаптары бұзылған.

Сот қаулысымен  Х. әкімшілік құқықбұзушы болып танылып, тәркілеусіз, 15 айлық есептік көрсеткіш 34035 теңге көлемінде айыппұлға тарту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сотының баспасөз қызметі