Көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты көлік құралына заңсыз кiрумен  жасалған ұрлық жасағаны үшін Л.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 07 қараша 2016 жылы сағат 20.20 шамасында Л.  Алматы қаласының Менделеева көшесінің 25 үйінің жанында болып бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауға бағытталған өзінің қылмыстық әрекеттерін жалғастырып, «Лада» маркілі авокөлікті көріп, оның ішіне заңсыз кіріп 15 000 теңге тұратын «JVC»  маркілі автомагнитофонды, 25 000 теңге тұратын антирадарды, 8 000 теңге тұратын «Номад» маркілі видеорегистраторды жасырын ұрлаған. Содан соң қылмыс жасаған жерден бой тасалап кеткен, сөйтіп жәбірленуші Б.-ға жалпы сомасы 48 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.  

Сот отырысы барысында Л. өз кінәсін мойындады.  

Сот үкімімен Л. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен Л.-ға түпкілікті мүлкін тәркілеумен 4 жыл 10 ай 10 күн мерзімге бас бостандығынан  шектеу  түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді. 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі