Көлік құралын тіркеу жарамсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының  №2 аудандық сотымен  Алматы қаласының ІІД-не көлік құралын тіркеуді жарамсыз деп тану туралы  К.-нің  азаматтың талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Соттың шешіммен талап арыз қанағаттандырылып, көлік құралын тіркеу жарамсыз деп танылды.

Аталған талап арызды қанағаттандырудың негізі Алматы қаласы Қаржы полиция Департаментінің қызметкерлерімен көлік құралдарын, соның ішінде даулы, заңсыз әкелген фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағаны болып табылады. 

Әкелінген автокөліктер жалған құжаттар негізінде Алматы және Алматы облысының жалған тұлғаларына Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша ІІД-нің тіркеу басқармасында тіркелген, алайда тергеу барысында  олар Кедендік бақылау  Комитетінің автокөліктер кедендік тазартудан өтпеді.  Есепке тұрған кезде көрсетілген жүк кедендік декларациялар жалған болып және  олар көрсетілген   тәртіппен енгізілмен. Сонымен қатар, көрсетілген тәртіппен тіркеу туралы анықтамалары электронды мәліметтер базасында  жоқ болып анықталған.  Автокөлік құралдарының бірінші иелері көліктерді сатып алуға қатысы жоқ жалған тұлғалар  болып табылады. 

Қылмыстық іс материалдарынан Қазақстан Республикасы  кедендік территориясына  жалған құжаттармен  контрабандық әкелім фактісіне, көрсетілген  автокөлікті Алматы қаласының ІІД-нің тіркеу басқармасында біріншілік есепке тұрғызу  фактісіне   талапкердің қандай да бір қатысы анықталмаған.  

Сонымен бірге, Алматы қаласының ІІД-нің тіркеу басқармасында К.-ның атынан даулы автокөлікті тіркеуге тұрғызу өтініштеріндегі қол қоюы, қылмыстық іс бойынша тағайындалған қолжазу сараптамасының қорытындысымен басқа кісімен жасалынған дәлелін тапты.

Шешім заңды күшіне енбеді.

Қайнар: 
Алматы қаласының Алмалы ауданы №2 соты