Көлік құралдарын жүргізу құқығын тоқтату туралы талап арызы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында талапкер Алматы қ. «ІІД»-нің жауапкер Н. атына берілген көлік жүргізу куәлігін алып алу жолымен көлік құралдарын жүргізуге құқығын тоқтату туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

2017 жылғы 12 қаңтарында Алматы қ. Алмалы ауданының №2 аудандық сотының шешімімен талапкердің талап арызы толықтай қанағаттандырылды.

Н-ның стационарлық аурудың медициналық картасына сәйкес, ішімдіктерді пайдалану нәтижесінде психикалық және мінез-құлық бұзылулар диагнозымен, «Д» учетында тіркелді.

31.03.2015 жылғы №188 санды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына және «Қалалық дәрігерлік-әлеуметтік саулық наркологиялық орталығы» ШЖҚ-ғы МКК маман-дәрігердің түсініктемесіне сәйкес, «Д» учетында тіркелген тұлғалар, көлік жүргізу куәлігін алуға құқылы емес. Аталған аурумен ауруғандар, кез келген кезде тұлғаның жағдайын өзгерте алады деп ішімдік ауруға қатысты түсініктемесін берді. Көлік жүргізгендер тұлғалар, ішімдіктерді пайдалану нәтижесінде психикалық және мінез-құлық бұзылулар аурумен ауруғандар, жол жүру қауіпсіздігіне және басқа жол жүру тұлғаларға қауіп-қатер төндіреді.   

Соттың шешімімен, Н.-ны көлік құралдарын жүргізу құқығы тоқтатылды.

Аталған соттың шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі