Қолхат мазмұны бойынша куәландырылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер С. жауапкер  Ж.-ға  қатысты  қарыз соманы өндіру  туралы  азаматтық  іс  қаралды.

2016 жылдың желтоқсан айының 24-жұлдызында С. және Ж.  арасында жазбаша  келісім шарт жасалған, келісім бойынша сатушы 2001 жылғы, «Honda Civic» маркалы автокөлікті  келісім жасалған тұлғаға сатуға, ал сатып алушы көлікті құнын төлеуге міндеттеледі.

Талапкер  арызына сүйене отырып автокөліктің 8 200 000 теңгеге сатылғаны,  ал жауапкер автокөлік құнының 7 700 000 теңгесін төлегені анықталды.

2016 жылдың  желтоқсан айының 25-і жұлдызында қалдырылған қол хатты сараптай отырып, жауапкер Ж. төленбей қалған соманы, яғни 500 000 теңгені  2016 жылдың желтоқсан айының 30-ы жұлдызына дейін төлеуге міндеттеледі.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Жетісу аудандық соты