Қолхат бойынша қарыз соманы өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер З.  жауапкер  П.-ға  қатысты   қарыз соманы өндіру туралы азаматтық  ісі  қаралды.

2013 жылдың наурыз  айының 7-сі жауапкер П. талапкер З.-дан,   2 178 000 теңге соманы қолхат арқылы қарызға алып, қолхат бойынша  2013 жылдың мамыр айының 20-жұлдызына дейін қарыз соманы қайтаруға міндеттеледі.

Қолхатқа жасалған сараптама  бойынша тараптар арасында жазбаша келісім жасалып , келісім бойынша жауапкер белгіленген  уақыт аралығында  қарыз соманы қайтаруға міндеттелді.

Жауапкер  қолхатта көрсетілген уақыт бойынша қарыз сомманы қайтармай, өз мойнына алған міндеттемені орындамаған.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты