Қол көтерді – заң бойынша жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Алматы қ. ӘҚ жөніндегі МАС-та денсаулыққа жеңіл зиян келтірместен, физикалық ауырсыну тудырған өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау ретінде сараланған ұрып-соғу фактісі бойынша құқық бұзушы К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды (ҚР ӘҚБтК 73-2 б., 1 б.).

Сот өткен аптада К. масаңдау халде бола тұрып, қаланың қарбалас көшелерінің бірінде орындықта отырған жәбірленуші Ф-ны ұрып, жанжал шығарғанын анықтады. Құқық бұзушыны оқиға орнына жақын жерден кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар тоқтатқан.

Осылайша, К. сот алдында жауап беріп, іс материалдарында мазмұндалған фактілерді растап, өз кінәсін мойындады.

Баптың санкциясы он айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл немесе он тәулікке дейінгі әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.

Сот қаулысымен К. денсаулыққа жеңіл зиян келтірместен, бірақ физикалық ауырсыну тудырған өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау немесе ұрып-соғу фактісі бойынша кінәлі деп танылды.

Нәтижесінде К. 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.