Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарған деген айыппен сотқа берілген Ж.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, сотталушы Ж. Алматы қаласы бойынша Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, ӘҚБК-нің 608-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылығы үшін 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылған болатын.  

2017 жылдың 15 ақпанында сотталушы Ж., алкогольдік ішімдіктен мас күйінде, көлік басқару құқығынан айырылған бола тұра, «Мерседес Бенц» маркалы көлігін басқарып, Алматы қаласы Шевченко көшесімен шығыс бағытта жүріп келе жатып, Шәріпов көшесінің қиылысында полиция қызметкерлерімен тоқтатылған. Жүргізуші құжаттарын тексеру барысында алкогольдің иісін сезіп қойған полиция қызметкерлері, сотталушыны наркологиялық орталыққа тексеріске апарған.

Медициналық тексеріс қорытындысына сәйкес, сотталушы Ж. алкогольдік масаюдың жеңіл дәрежесінде болған.

Сотта сотталушы Ж. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінді.

Сот үкімімен Ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сот сотталған Ж. көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айырды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі