Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Е.-ге қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабы 2-бөлігімен (есiрткi заттарды, өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, 2017 жылдың 9 маусымында Алматы қаласы Жетісу аудандық ІІБ-ның қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде күдікті Е. ұсталып, куәгерлернің қатысуымен жеке тінту барысында, оның шалбарының оң жақ қалтасынан, салмағы 1,87  грамм есірткі зат – марихуанна табылды.

Басты сот талқылауында сотталушы Е. тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады.

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Е. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 140 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты