Қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Б. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 109 бабы бойынша айыптау (тән ауруына ұшырататын, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу) туралы қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2016 жылдың сәуір және маусым айларының аралығында жәбірленуші Б. мен оның бұрынғы жолдасы сотталушы Б. арасында бірнеше рет өзара сөзге келіспеушіліктер орналып, нәтижесінде сотталушы Б. жәбірленуші Б. ұрып соғып, тән ауруына ұшырататын, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған дене жарақаттарын келтірген.

Басты сот талқылауында сотталушы Б. тағылған айып бойынша кінәсін мойындаған жоқ.

Сот үкімімен Б. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 109 бабында көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 90 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалып, жазаны тұрғылықты мекен жайы бойынша, мамандырылған мемлекеттік органның қадағалауымен өтеу белгіленген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі