Кәмелетке толмағанмен тасталған темекі қалдығы үшін ата-анасы жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 435 бабымен (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат Ж.Ж Әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2017 жылдың ақпан айында сағат 14.10-де кәмелетке толмаған құқық бұзушы «Тастак» ықшам ауданында орналасқан үйлердің біреуінің қасында темекі шегіп, темекінің қалдығын жүретін жерге тастаған. Бұл жағдай, кәмелетке толмаған бұзақыны ұстаған  жергілікті полиция қызметкерлерінің назарын аударған.

Сот қаулысымен жауапкершілікке кәмелетке толмағанның ата-анасы тартылған. Ол 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 15 883 теңге әкімшілік айыппұлды төлеуге міндеттеледі. 

Источник: 
Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі