Кәмелетке толмаған балаларына алимент өндіру туралы талап арыз сотпен қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық сотында талапкер А. жауапкер М. балаларын асырау үшін алимент өндіріп алу туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талаптарын келесімен дәлелдеген.2009 жылдын 7 тамызынан бастап жауапкермен заңды некеде тұратынын, осы некеден екеуіне ортақ кәмелетке  толмаған  екі балалары бар екендігін көрсеткен. Жауапкер материалдық көмек көрсетпейтінін, балалар талапкермен бірге тұрып талапкердың асырауында екендігін, жауапкерден жоғары көрсетілген кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін  алимент өндіріп беруді сұраған.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды  күшіне енді.  

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі