Әкімшілік өндірудің соңғы мөлшері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  610 бабы 1 бөлігі (Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын көлік құралдарын, жүктерді, жодары, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлікті бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтірген бұзушылғы) 613 бабы 1бөлігі (Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы күштерінің,  Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау) және 613 бабы 4 бөлігі ((Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы күштерінің,  Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәладырудан өту туралы заңды талабын орындамау) бойынша Ш-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Соттың анықтауы бойынша, 2017 жылдың мамыр айының 1 күні сағат 05-50 шамасында Ш. Жароков көшесімен Тойота автокөлігін мас күйінде және көлік жүргізу құқығынсыз жоғары жылдамдықпен жүргізе ішкі істер органының қызметкерлерінің тоқтау туралы  заңды талаптарын орындмаған.

Сондай-ақ 06-00 шамасында Ш. Жароков көшесімен Тойота автокөлігімен артқа жүру кезінде «Митсубиси» автокөлігіне келіп соқтығысқан, соқтығыс салдарынан көліктерге механикалық зақым келтірілген.

Сонымен қатар 2017 жылдың мамыр айының 1 күні сағат 08-02 шамасында азамат Ш. Жароков көшесімен Тойота автокөлігімен жол көлік оқиғасының қатысушысы бола тұра ішкі істер органының қызметкерлерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәладырудан өту туралы заңды талабын орындмаған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы Ш. әкімшілік құқық бұзушы болып танылып, 20 тәулікке әкімшілік өндіру түрсінде, 3 жыл 9 айға көлік жүргізу құқығынан айыруға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты