Әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен азамат В.-ға  қатысты  әкімшілік іс қаралды.

12 сәуірде 2017 жылы В. Алматы қаласы, Сүлейменов көшесі, 2 «а» мекен-жайы бойынша орналасқан «Белый лебедь» кафесінде кәмелетке толмаған Т.-ға «Абсент», «Самбука» және «Абсолют» маркалы спирттік ішімдіктердің дәмін тарттырған. Осы іс-әрекеттерімен кәмелетке толмаған Т.-ны масаң  күйге жеткізген.

  Сот отырысында азамат В. әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді.

Сот қайлысымен азамат В. Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 131 бабымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде жеті айлық есептік көрсеткіш, яғни 45 380 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты