Кері талап тәртібімен сома өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық сотымен жауапкер Ш.-дан талапкер АҚ «Сақтандыру компаниясы «НИ»» кері талап тәртібімен сомма өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында талапкер өз талап арызын қолдай отырып, келесідей мән жағдайға негіздейтінін айтып көрсетті. 2016 жылы 15 шілдеде жауапкер Ш. Алкогольдік мас күйінде, Тайотта автокөлігін айдап, Сайна көшесімен оңтүстік бағытқа қарай бара жатып, Абай аялдамасына қарама қарсы тұрған талапкердің Субару автокөлігін соққан. 28.07.2016 жылғы есептің қорытындысына сәйкес залал 483 889 теңгені құраған. Аталған оқиғаны сақтандыру оқиғасы деп тауып, талапкер 02.09.2016 төлем тапсырмасымен Субару автокөлігінің иесіне 487 300 теңге мөлшерінде ақша төленген.    

Әкімшілік соттың 08.08.2016 жылғы қаулысымене жауапкер кінәлі деп танылып, ҚР ӘІК-нің 608 б., 3 б., көлік айдау куәлігін 5 жылға айырылған.

ҚР АК-нің 840 б., 1 б., Егер мүлiктiк сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға сол төленген соманың шегiнде, сақтандыру нәтижесiнде өтелген залалдар үшiн жауапты адамға қоятын сақтанушының (сақтандырылған адамның) талап қою құқығы ауысады.

Сот отырысында жауапкер талап арызды толығымен мойындады.

Сот азаматтық істі қарай отырып, талап арызды толық қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген. 

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі