Кепіл сомасын өкіл берушіден өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық сотымен жауапкер М. және Н.-нен талапкер м-ның пайдасына 30 000 АҚШ долларын өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында талапкер өз талап арызын қолдай отырып, келесідей мән жағдайға негіздейтінін айтып көрсетті. Талапкер М. жауапкер Р.-дан көлік жуу «М» жылжымайтын мекемесін сатып алатын болып келіскен. Сатып алатын мүліктің бағасын 130 000 АҚШ долларына алатын болып келісілген болатын. Келісім аяқталу белгісі ретінде талапкер жауапкер Р-ге 30 000 АҚШ долларын берген, ол қолхатпен дәлелденді. Бірақ кейіннен жауапкер Р. талапкерге мүліктің бағасын жоғарылатып, сатудан бас тартып, сонымен келісілген жауапкершіліктен жалтарды. Р. Талапкерге жылжымайтын мүлкі сатылғаннан кейін бір айдың ішінде талапкердің ақшасын қайтарамын деп уәде берген, себебі талапкердің ақшасын жауапкер өз қажеттілігіне жаратып қойған. Белгілі болғандай, жауапкер Р. Жылжымайтын мүлікті сатып жіберген, бірақ талапкерге ақшасын қайтаратын ойы жоқ, себебі талапкердің баласы мен телефон байланысы арқылы сөйлескен сөздерінде жауапкер Р ақшаны қайтармаймын деп айтқан анық жауаптары бар, себебі талапкермен кездесуден жауапкер бас тартып жүр.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде талапкер кепіл соммасы 30 000 АҚШ дорллларын жауапкерлерден ортақ өндіруді сұраған, және моральдық шығын 500 000 теңге ақша өндіруді сұраған.

Жауапкер Н. сот отырысында талап арызды мойындаған жоқ, себебі жылжымайтын мүлікті жауапкер Р.-ге сенімхат арқылы ақша алу мүмкіндігі мен берген, талапкермен кездеспеген, келісім шарт жасамаған, және ешқандай ақша алмаған.

Жауапкер Р сот отырысында талап арызды мойындаған жоқ, себебі  аталған сомма кепіл ретінде талапкер берген болатын, бірақ ауызша келісімді талапкердің өзі бұзғандықтан, кепіл соммасы қайтарылмайды. Талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

Сот азаматтық істі қарай отырып, талап арызды ішінара қанағаттандырды. Талапкердің пайдасына жауапкер Р-ден 30 000 АҚШ долларын өндіру туралы шешім шығарды.

Жауапкер Р-дің апелляциялық шағымымен азаматтық іс Алматы қалалық сотында апелляциялық тәртіпте қаралып, аудандық соттың шешімі өзгертілді.

Апелляциялық сот алқасы шешті: Жауапкер Р-ден өндіру туралы бөлігі бұзылсын. Жауапкер Н-нен талапкердің пайдасына кепіл соммасы 30 000 АҚШ долларын өндірілсін делінді.

Апелляциялық сот алқасының қаулысы заңды күшіне енді. 

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі